Карта сайта
Жаңалықтар
Атырау жылу электр орталығының қолданыстағы активтері қайта жаңғыртудан өтіп жатыр
Атырау жылу электр орталығының қолданыстағы активтері қайта жаңғыртудан өтіп жатыр
Тақырыбы: Атырау жылу электр орталығының қолданыстағы активтері қайта жаңғыртудан өтіп жатыр
Бүгін Атырау қаласында жергілікті атқарушы, облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаменті, қалалық маслихаттың өкілдері мен “Қазақстан Халық партиясы” облыстық филиалының мамандары арасында баспасөз туры өткізілді.
Тур аясында 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның орындалысы мен 2024 жылдың жоспарлары айтылды. Кейін Атырау Энергокешенінің Атырау жылу электр орталығының нысандары көрсетіліп, атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.
Мәселен, былтыр инвестбағдарламаның аясында ДП-225/65 типті деаэратор, ТН- 2500 айналмалы су тазарту машинасы, Ду-1400 Ру-10 жиынтықта электр қозғалтқышы бар ысырма, механикалық қоспалардан жеткізуші арнаның айналымдағы суын тазартуға ықпал ететін өзін-өзі тазартатын сүзгіні жасаушы материалдар, қазандықтарды дренаждау желісін монтаждауға арналған электр қозғалтқышы бар дренаждық сорғылары жаңартылды.
2024 жылдың жоспарына сәйкес жылу энергиясын өндіру және жабдықтау бойынша 434 386,59 мың теңге көлемінде инвестициялық бағдарлама бекітілді. Нәтижесінде орталықтағы энергетикалық жабдықтар, СХТ, турбина цехы, қазандық цехына арналған жабдықтар мен автотехника жаңартылып, қайта жаңғыртудан өткізіледі деп жоспарланып отыр.
https://www.instagram.com/reel/DApXegDCR5Z/?igsh=ancyemQwamF3c3di