«Атырау жылу электр орталығы» АҚ-ның жылу энергиясын өндіру және жеткізу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтері және бөгде ұйымдардың жылжымалы құрамының өтуіне кірме жолдарды беру туралы жылдық есебі

07.04.2016

Тұтынушылармен жұмыс туралы.

«АТЭЦ» АҚ жылыту маусымы басталғаннан бері жылу энергиясын есептейтін жалпыүйлік есептеу құралдарын (ЖЕҚ) орнату бойынша іс-шаралар жүргізді. Осыған байланысты ЖЕҚ сатып алу және орнату үшін «Махамбетов» ЖК мамандандырылған фирмасымен келісімшарт жасалды. Атырау қаласының ПИК-терімен есептеу құралдарын орнатуға арналған орын беру, ЭПО талаптарына сәйкес келетін электрлік схемаларды қосу нүктелерін қамтамасыз ету, сондай-ақ орнатудан кейін қабылдау-тапсыру актісі негізінде есептеу құралдарын ЭПО-дан балансқа қабылдау жөнінде келісімдер жасалды.

ЖЕҚ орнату жоспарланған тұрғын үйлердің тұрғындарымен 1 шаршы метрге шаққандағы орнату құны мен құрал құнын есепке ала отырып, ЖЕҚ сатып алу және орнату бойынша жеке келісімшарттар жасалды. Тұрғындар тарапынан ЖЕҚ сатып алу және орнату төлемі түбіртек негізінде 2 жыл ішінде кезең-кезеңімен жүргізіледі.

2015 жылы «Атырау ЖЭО» АҚ күшімен Атырау қаласындағы 127 көпқабатты тұрғын үйге ЖЕҚ орнатылды.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жылу энергиясын есептейтін жалпыүйлік құралдар орнатылды:

  • заңды тұлғалар бойынша – қажетті 397 құралдың 335-і;
  • жеке тұлғалар бойынша – қажетті 384 құралдың 304-і.

Қызмет перспективалары туралы (даму жоспарлары), соның ішінде реттелетін қызметтерге (тауарлар мен жұмыстарға) тарифтердің ықтимал өзгерістері.

2013-2015 жылдары жаңа қуаттар – №14 қазандық агрегаты және К-100-90/13 типті №12 турбоагрегаты іске қосылды. Соның нәтижесінде 2016 жылғы 01.01 жағдайы бойынша электр қуаты 100 МВт-қа артты.

Алдағы уақытта, 2016-2020 жылдары жаңа қуаттарды іске қосу жоспарлануда – бұл қуаты N=60 МВт жаңа газтурбиналық қондырғы (ГТҚ), ПТ-65-90/13 типті №13 турбоагрегаты және №15 қазандық агрегаты. Бұл электр қуатын 125 МВт-қа және жылу қуатын 164 Гкал/сағатқа арттыруға мүмкіндік береді.

2016-2020 жылдарға арналған «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-ның жылу энергиясын өндіру және жабдықтау қызметтері бойынша тарифтің шекті деңгейінің өсуі инфляция деңгейін ескере отырып, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 23.11.2015 ж. №168-ОД бұйрығына сәйкес бекітілді.