Бүгін 2026 жылдың 2 қыркүйек күні, Атырау ЖЭО-ғы Жайық өзенінің су биоресурстарын толықтыруға бағытталған маңызды экологиялық іс-шараға қатысты.
Кәсіпорын тарапынан Жайық өзеніне балық жіберу жұмыстары комиссиялық негізде жүргізіліп, табиғи ортаға бекіре тұқымдас балықтардың 1 000 шабағы жіберілді.
Іс-шара Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының, балық қорғау қызметінің және Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығының (БШҒӨО) өкілдерімен бірлесіп өткізілді. Аталған ұйымдардың өкілдері комиссия құрамына кіріп, балық шабақтарын өзенге жіберу жұмыстарына тікелей қатысты.
Салалық мемлекеттік және ғылыми ұйымдар өкілдерінің қатысуы іс-шараны белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіп, балық шабақтарын өзенге жіберу процесін тиісті деңгейде бақылауға мүмкіндік берді.
Атырау ЖЭО-ғы үшін бұл іс-шара — жай ғана экологиялық бастама емес, өңіріміздің бірегей табиғатын сақтауға қосылған нақты үлес. Жайық өзені — Батыс Қазақстанның аса маңызды су артериясы. Оның экологиялық жағдайы өзен экожүйесінің тұрақтылығына және су биоресурстарының алуан түрлілігіне тікелей әсер етеді.
Әсіресе, өңірдің құнды табиғи байлығы болып саналатын бекіре тұқымдас балықтардың популяциясын сақтау және қалпына келтірудің маңызы зор. Өзенге жіберілген әрбір шабақ — Жайықтың болашағына, оның биологиялық алуантүрлілігін сақтауға және табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіруге қосылған үлес.
Атырау ЖЭО-ғы экологиялық жауапкершілік қағидаттарын ұстана отырып, табиғатты қорғау талаптарын сақтаумен қатар, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды қалпына келтіруге бағытталған нақты іс-шараларға белсенді қатысуды маңызды деп санайды.
Бүгінгі балықтандыру жұмысы — Атырау өңірінің табиғи мұрасын сақтауға бағытталған тағы бір маңызды қадам.
Бүгін Жайық өзеніне жіберілген 1 000 бекіре шабағы — өзеніміздің тіршілігін сақтауға жасалған 1 000 кішкентай қадам.
Жайық өзені әрдайым тіршілікке бай, суы мол әрі табиғи қалпында сақталсын! Ал кәсіпорындар, мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастықтың бірлескен экологиялық бастамалары оның табиғи байлығын келер ұрпаққа аман жеткізуге өз үлесін қоса берсін!
Атырау ЖЭО-ғы — табиғатпен бірге, болашақ үшін бірге!

